Шардара ауданы"Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының" игілігін көруде

Dalanews 16 нояб. 2018 09:27 845

Бұған дәлел бүгінгі күні  Шардара ауданында 19 кәсіпорын жұмыс жасайды екен.

Өткен жылы осы өндіріс орындарында 7844,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» аясында осы уақытқа дейін ауданда жалпы құны 1482 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылды.

«Ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімін 8960 млн.теңгеге жеткізу жоспарланған. «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» шеңберінде ауданға инвестиция тарта отырып, ағымдағы 3 бірдей жобаны іске асыру көзделіп отыр.


Олардың қатарында жалпы жобалық құны 200 млн. теңгені құрайтын өндірістік қуаттылығы 600 тонналық «Байтерек ББМ» ЖШС-ң «Балық өңдеу зауытының құрылысы» бар. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Сондай-ақ, өндірістік қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын «Ай-Кажы» Ак-алтын» ЖШС-ң «Мақта өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бар. Үшіншісі, «Шардара ГЭС» АҚ-ның қайта жаңғырту жобасы. Аталған жобаларды іске қосу арқылы 400 адамға жаңа жұмыс орны ашылады», – дейді бұл орайда аудан әкімі Болатбек Қыстауов.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында ауданда өткен жылы 14 жобаға қолдау көрсетіліп, өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған.

Рекомендовать
Последние новости