Шағын кәсіпкерлікті дамытуда көрсеткіш межелі жоспардан асып түсті

Dalanews 15 нояб. 2018 06:19 785

Сайрам аудандағы бар резервтерді  пайдалану есебінен  аудан экономикасын көтеруде көптеген жұмыстар атқарылуда. Бір ғана Индустрияландыру картасының «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» жалпы құны 7,8 млрд.теңгелік 13  жоба енген, қазіргі таңда 8 жоба іске қосылып, өнім өндіруде. Осы жұмыстардың арқасында 391  жұмыс орындары ашылғанын айта кетуіміз керек.

Жыл басынан «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасындағы» жобалар есебінен 4,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында «Бірлік-4» ЖШС  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы» жобасының іске қосылуы жоспарлануда. Аталған кәсіпорын жұмысын бастағанда ауданда тағы да 100-150 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да белсенде дамуда. Қазіргі таңда ауданда шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8% құраған. Бұл салада  992 адам жұмыспен қамтылып, отбасын асырап отыр.

2018 жылы кәсіпкерлік саласында  85,8 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарланған болатын. Бірақ соңғы 10 айдың көрсеткішіне көз салған адам жоспар артығымен орындалып, шағын кәсіпкерлік салада 93,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін байқайды. Осылайша өсім 104,0 пайызды құрап отыр.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости