Семейдің жолдары жөнделуде

Dalanews 15 июн. 2016 22:50 886

 

Семейде қала көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жылы қала жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен 256 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа Семейдегі 19 көшеде асфальт жабыны жөнделіп, 44 мыңнан астам шаршы метр жол халықтың пайдалануына берілген.

Былтыр басталған Мичурин және Дальняя көшелеріндегі күрделі жөндеуді аяқтау үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Облыс басшысы Даниал Ахметов қала әкімінің жолдардың асфальт жабынын жөндеу көлемін ұлғайту үшін тағы 100 млн. теңге бөлу қажеттігі туралы ұсынысын қолдаған болатын. Осы ретте Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен кепілдік міндеттемелердің сақталуына бақылау жүргізілуде. Бүгінгі күні 2014-2015 жылдары орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жол учаскелеріндегі кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыс аясында Аймауытов, Грязнов, Кордонная, Би Боранбай, Морозов және Марсеков көшелеріндегі кемшіліктер жойылған.

Сонымен қатар, «Гордорстрой» ЖШС облыста бірінші болып жол жөндеудің жаңа әдісі – құрылысқа қажет қажетті қоспаны жол үстінде дайындауға мүмкіндік беретін битумдық эмульсия мен өздігінен жүретін құрылғыны қолданып, суықтай сорғалатып инъекциялау технологиясын пайдаланғанын айта кетуіміз керек. Бұл әдісті жол тегістейтін катокты пайдаланбай, жыл бойы ауа температурасы минус 10-15 градусқа төмендегенше қолдануға болады. Бұл жол жабындысын жөндеудің әдеттегі әдісінен 1,5 есе арзанға түседі.

«ҚмД» ақпарат


Рекомендовать
Последние новости