«Жасыл ел» жасақтары Оңтүстіктің көркін кіргізеді

Dalanews 15 июн. 2016 22:54 1052

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары өңірдегі аудан, қалалардың көріктенуіне атсалысуда. Атап айтқанда, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері Шымкенттегі ЛТД «Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала», «Бәйтерек» ЛБ, Созақ ауданындағы «Созақ сәулет» мекемелерімен келісім-шарт түзіп, еңбекке тартылып, арнайы киімдермен және 30-35 мың теңге аралығында еңбекақымен қамтамасыз етілді. 

Сонымен қатар, Шардара, Қазығұрт, Кентау, Түркістан, Сарыағаш, аудандарындағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отырған жастар осы жылдың 1 шілдесінен бастап тиісті жұмыстарға кіріспек.

Жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында осы жылдың тамыз айында «Жасыл ландшафт» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Айта кеткен жөн, студенттер мен жұмыссыз жастардың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарында өткен жылы 1 мың азамат жұмыс істесе, биыл жыл соңына дейін 1700 жас қамтылады деп көзделуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости