Сайрам ауданы. 10 айдағы көрсеткіш оң нәтижеге ие болды

Dalanews 28 нояб. 2018 05:56 763

Қазіргі таңда Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Біздің жұмысымыз мемлекеттік, салалық және аумақтық бағдарламаларды орындауға бағытталып, 10 ай көлемінде межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізген.

Ауданда 2016-2020  жылдарға арналған даму бағдарламасындағы 6 бағыт бойынша  жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, ауданның 2025 жылға дейінгі даму концепциясы әзірленіп, алдағы уақытта нақты атқарылатын жұмыстар белгіленген. Ауданның даму бағдарламасы мен әзірленген концепция негізінде 10 айда атқарылған жұмыстар да көңіл қуантарлық.

Айталық, 2018 жылдың 1 қарашасына аудан бюджетінің контингент бойынша кірістері 3 383,5 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 3 419,4 млн. теңге кірістер түсіп, жоспар 101,1 пайызға орындалған. Аудан бюджетінің кірістерінің жоспары 1 973,1 млн.теңге болса, нақты есепті кезеңге 2 060,8 млн. теңге түсім түсіп, жоспар 104,4 %-ға орындалған.

Осылайша ауданның әлекемттік-экономикалық тұрғыдан бөлінген қаржаттар дер кезінде игеріліп, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын мақтанышпен атап айтуға болады.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости