Сарыағаштық кәсіпкер жүзім шырынын шығарғалы жатыр

Dalanews 09 нояб. 2018 05:50 743

Сарыағаш ауданынағы жүзім өсіріп отырған «Шыңғыс» шаруақожалығының жетекшісі Жиенбай Шыңғысов келешекте жүзім шырынын шығаруды жоспарлап жүр.

Оның айтуынша, егер бұл жоба қолға асса Түркістан өңіріндегі жүзімнен жасалған өнімдер әлемге танылатын болады.

– Әрине, кеңеюге қатысты ой-жоспарымыз бар. Келешекте жүзім шырынын шығаруды ойлап жүрміз. Жүзімді өңдесең, оның бағасы да артып, еңбегіңнің зейнетін көресің ғой. Шырын шығаруды қолға алсаң, оның бірнеше түрін шығаруға тура келеді. Шырынның түрін көбейту үшін жүзімнің де түрлерін арттыру керек. Сондықтан қазір жүзімнің түрлерін көбейтуге күш салып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.

Айта кетелік еліміздегі жүзім өндірісінің 70 пайыздан астам Түркістан облысының еншісінде. 


Былтыр Сарыағаш ауданында 8781 тонна жүзім жиналған екен. Шаруалар орташа есеппен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 центнерден өнім алған. Ал одан екі жыл бұрын тамшылатып суару тәсілі енгізілген 450,7 гектар жүзімнің  283 гектар алқабы 1698 тонна  өнім беріпті.  Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан  70  центнерге дейін өнім жинаған. «Жүзімнің өнім беру мерзімі  төртінші жылдан басталатынын ескерсек, аталған өнімділік жақсы көрсеткіш болып саналады» дейді сарыағаштық диқандар.

Рекомендовать
Последние новости