Сайыров Жұманғаринге ескерту жасаймын деп Қошановтан сөз естіп қалды

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2025 12:05 1655

Депутат Ерлан Сайыров Жұманғариннің жауабына қанағаттанбай, премьер-министрге «сәлем» жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ірі капиталға қатысты жауабын жеткіліксіз деп бағалап, өзінің наразылығын ашық білдірді. Ол бұл мәселеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына үндеу жасауды да жөн көрді.

- Өкінішке қарай, мен жауап ала алмадым. Меніңше, ірі капитал мүддесін лобби жасау фактілері бар. Сондықтан сізден үлкен өтінішім – өз қарамағыңыздағы адамдарды бақылап, премьер-министрге сәлем айтыңыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Менің ойымша, біз сізбен бірге мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдаймыз деп сенемін, деді Сайыров. 

Қошанов: «Премьерге сәлем айтудың қажеті жоқ»

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат әріптесінің бұл мәлімдемесіне бірден реакция білдіріп, саяси риториканы тиянақты қолдануға шақырды.

- Әріптесіміз депутат Сайыровтың сөзі бойынша: премьер-министрге “сәлем айту” артық болады деп ойлаймын. Тиісті министрлік егер орынбасары жауап бере алмаса халға шақырып, біз айтқан мәселе бойынша тыңдауға құқығымыз бар. Осыны болашақта ескеріңіз, дейді Қошанов. 


Рекомендовать
Последние новости