Сауран ауданында тауарлардың бағасы төмендеді

Dalanews 18 янв. 2022 10:18 703

Сауран ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыпты ұстау және төмендету жұмыстары қарқынды жүруде. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданында жұмысшы топ құрылып, бірқатар азық-түлік дүкендер мен супермаркет иелеріне бағаларды реттеу қажеттілігі жөнінде жазбаша нұсқамалар берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. –

Қазіргі таңда Сауран ауданында бірнеше тауардың бағасы төмендеді. Атап айтқанда, қарақұмық, айран, сүзбе, картоп, құмшекер. Ал, нан, күнбағыс майы, жұмыртқа, сиыр еті, қырыққабат, тауық еті, күріш, тұз, пияз, сары май, сәбіз бағалары соңғы 3 ай көлемінде тұрақты.

Сауран ауданының әкімдігі қызметкерлері аудандағы дүкендерді аралап, бағаның шектен тыс өспеуін қадағалап, бақылауда ұстауда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда қызметін атқарып жатқан кәсіпкерлеге 15%-дан жоғары сауда үстеме мөлшерін қойған жағдайда Заңға сәйкес айыппұл салынатындығы жөнінде арнайы ескертпе хаттар таратылған.

Рекомендовать
Последние новости