Түркістан әуежайы 230 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, туристік әлеуеттің артқанын көрсетті

Dalanews 04 нояб. 2021 13:46 914

Түркістан халықаралық әуежайы іске қосылғанынан бері (2020 жылдың 1 желтоқсаны) әуежай арқылы 230 547 жолаушы тасымалданған. Оның ішінде халықаралық бағыттарда – 41 667 жолаушы, ішкі бағыттарда – 188 880 жолаушы. Мұның өзі Түркістан қаласының туризм әлеуетінің көтерілгенін көрсетеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық әуежайынан 3 халықаралық (Ыстамбұл, Бішкек, Ташкент) және 13 республикаішілік әуе рейстері орындалуда.

Атап айтқанда:

1) «Түркістан – Ыстамбул» – аптасына 4 рет (дүйсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,

жексенбі);

6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

9) «Түркістан – Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);

13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

14) «Түркістан – Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);

15) «Түркістан-Петропавл» - аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

16) «Түркістан-Өскемен» - аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Рекомендовать
Последние новости