Сәтпаев Мухоряповқа "бесінші колоннаның" мүшесі болмауға кеңес берді

Dalanews 20 окт. 2022 12:11 1175

Бүгін ChocoFamily брендінің негізін қалаған кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс туғызғаны белгілі. Дәл осы мәселе белгілі саясаткер Досым Сәтпаевты араласып, Рамиль Мухоряповтың таңдау жасайтын сәті туындағанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішінен шіріген жаңғақты кез келген адам оп-оңай шаға салады. Егер өз ішіңде жау жүрсе, ол күндердің күні түн жамылып, қақпаңды жауға ашып бере салады.

Егер Казақстанда тұратын біреу біздің мемлекеттілігімізге, тәуелсіздігімізге, тархиымызға, әсіресе, тарихымыздағы зұлматтарға күмән келтірсе – елді іштен шірітетін, қақпамызды жауға ашып беретін «бесінші колонна» сол болмақ.

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа бүгінгі әңгімесінен кейін бір шешім қабылдау керек. Ол Қазақстанда кіммен бірге болғысы, тұрғысы келетінін айқындауы тиіс.


Қазақстанды күшейтіп, жасампаздық мақсатында маңайына адам топтастыратындармен бірге ме, әлде өзінің мәлімдемелерімен елді жікке бөлетіндермен бе? Екі таңдау тұр.

Жалпы, бұл жағдай «тақырыптың мазмұнын терең түсінбесең, әңгімеге араласпа» деген нақылдың дұрыстығын дәлелдей түскендей болды. Мұндайдың соңы қоғамда өрт салуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости