Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүліктер Ұлттық университеттер қарамағына өтті

Қаракөз Амантай 14 авг. 2024 12:48 2208

Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұл жөнінде Антикор ақпарат таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұған дейін агенттік Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке берілгенін хабарлаған болатын. Олардың ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын "Kaisar Tower" бизнес-орталығы бар. Ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қарамағына берілген. Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы "Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Елордада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім сарай мүгедек балаларға арналған Астана қаласы әкімдігінің "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-не берілді. Бұл білім беру жағдайларын едәуір жақсартуға және шығармашылық бастамалардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.

"Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден Қазақстанға ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зергерлік бұйымдар түріндегі активтер қайтарылды. Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Түркиядан 2,2 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге және басқа елдерден қайтарылды", - деді Антикор. 

Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.


Рекомендовать
Последние новости