“Тарихта із қалдыру үшін барымды саламын”: Назым Қызайбай алдағы жоспарын бөлісті

Қаракөз Амантай 12 авг. 2024 10:29 2353

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыға келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматылықтар спортшыны салтанатты түрде күтіп алды.

Қызайбай жураналистерге жарыстан кейінгі әсерін бөлісті.

“Жалпы Олимпиада жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қоланы еншіледік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім. Парижде жүріп, ең бірінші анамның тамағын аңсадым”, - деді ол.

Сонымен қатар ол алдағы жоспарымен бөлісіп, мансабы туралы сөз қозғады.

“Олимпиададан енді ғана келдік, сол себепті біраз демаламын. Содан соң бапкеріммен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Бірақ бізде үш дүркін әлем чемпионы жоқ. Сондықтан тарихта із қалдыру үшін барымды саламын және соған қол жеткіземін деп ойлаймын”, - деді Назым Қызайбай.

Еске салайық, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды. 

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. 


Рекомендовать
Последние новости