Сарыағаштағы цифрландыру қалай жүруде?

Dalanews 12 нояб. 2018 03:46 835

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді.

«Түркістан облысындағы цифрландыру орталығының» директоры Асылбек Жангуловтың айтуынша, мұндай құжаттар тың жобаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер береді. Бүгінде цифрландыру тұрғындар мен мемлекет арасындағы жұмысты жеңілдетіп, халықтың уақытын тиімді пайдалануына кеңінен жол ашып отыр.

– Облыста сандық форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазіргі күні денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, транспорт және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сияқты бес салада 27 жоба жүзеге асырылып жатыр. Біздің филиалдың бір ай бұрын ашылғанына байланысты, әзірге, аталған құжаттарды түзуге келісім берген алғашқы аудан Сарыағаш болып отыр. Алдағы уақытта мұндай келісімдер Түркістандағы барлық аудан, қалалардың әкімдігімен жасалып, жұмыстарды бірлесе атқарамыз деп ойлаймын, – деді Асылбек Жанғұлов.

Өз кезегінде, Сарыағаш қаласының әкімі Сәуле Сүлейменова «Түркістан» ӘКК» «Цифрландыру орталығының» өкілдеріне алғысын білдірді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости