Сарапшы Нүкенованың өліміне себеп болған жарақаттарды көрсетті

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2024 11:46 4118

Сот-медициналық сараптама қызметкері Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Тахир Халимназаровтың сөзінше, бұл жарақаттар Нүкенованың мәйітін сараптау нәтижесінде анықталды.

Яғни, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар анықтаған. Бұл жарақаттар сарапшының қорытындысында сипатталған. 

Сарапшының сөзінше, мұның бәрі жалпылама бас жарақаты болып саналады. Оған бетіндегі жарақаттар да, бас сүйегіндегі жарақаттар да жатады.

Көкпен боялғандар - көгерген жерлер, қызыл - жаралар. 

Сот медицинасында бұл жарақаттардың бәрі сыртқы әсердің кесірінен болған зақымдану ретінде қарастырылады.  

Тахир Халимназаровтың сөзінше, өлімнің себебін айтқан кезде осы жарақаттардың бәрін қарастыру керек. Олардың әрқайсын бөлек қарастыруға болмайды. 

Сарапшы құлаудан алған жарақаттар болмағанын айтады. Ал Бишімбаев Нүкенова қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлап түскенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сарапшы Салтанат Нүкенованың басындағы субдуральды гематоманың мөлшері 230 грамм болған. Бұл өлімге әкеледі.

Тахир Халимназаровтың сөзінше, Бишімбаев оны қолмен ұрды ма, алақанмен ұрды ма - маңызды емес. Себебі бұл жағдайда ұрған адамның салмағы айтарлықтай әсер ететін көрінеді. Салмағы ірі адам алақанымен болса да ауыр жарақаттауы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты жауап берген болатын. Оның сөзінше, Салтанат қабырғаға соғылып, унитазға құлаған

«Ол маған балағат сөздер айта бастады. Мен де оны балағаттай бастадым. Сосын маған жұдырық ала жүгіріп, менің жейдемді жыртып жіберді. Мен оны ұстап, қабырғаға итеріп жібердім. "Сабыр сақта" дедім. Ол маған тағы келе жатқанда мен де оның жейдесін жыртып тастады. Ол ашуланды. Жейдесін шешіп тастады. Оның үстіндегі киімнің бәрі 8-інде түс кезінде концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болып кетті. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен оны ұстап алдым. Ол маған арқасымен, бетімен унитаз жаққа қарап тұрып қалды, себебі мен оның шалбарынан ұстап қалдым. Ол шалбарын жұлқылап, шеше бастаған кезде жібере салдым. Ол мен шалбарын ұстап тұрады деп ойлаған болуы керек, тартып қалған кезде жібере салдым", - деді ол.

Бишімбаев Салтанаттың шалбарын ұстап тұрып жібере салған сәтте Салтанат тепе-теңдік сақтай алмай, құлап түсіпті-мыс.

«Шалбары төмен түсіп кеткеннен кейін тепе-теңдік сақтай алмай, унитаз жаққа құлады. Басында оң жақта қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлады. Қатты соққы алып, артынша жерге құлады», - дейді Бишімбаев. 

Айта кетейік,Бишімбаев сотта Салтанат қалай қайтыс болғанын айта бастады.


Рекомендовать
Последние новости