Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Dalanews 29 июл. 2021 04:34 867

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, КВИ індетінің асқынғанын хабарлады.

Әкім вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакцина салдыруға шақырды.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап күн сайын мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр.

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ті құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды.

27 шілдедегі мәлімет бойынша Алматы қаласында вакцинаның I компонентін халықтың 49,9%, II компонентін 33,6%-і алды. Алайда бұл COVID-19 "дельта" нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді: 1 жасқа дейінгі балалардың дертке шалдығу көрсеткіші 0,3%-ке артып, 2,8% болды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса, қазір олардың саны 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%.

Осыған орай Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

 

Рекомендовать
Последние новости