Республикалық "Салауатты өмір салты үшін" акциясы Түркістанда жалғасын тапты

Dalanews 26 нояб. 2018 13:00 839

Иә, дәп солай. Республикалық маңызы бар «Салауатты өмір салты үшін» акциясы Түркістан қаласында жалғасын тапты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған шарада 200-ден астам түркістандықтар санаулы сағаттарда өздеріне қажетті медициналық көмек түрлерін ала алды.

Ал дәрігерлер қауымы кеңес беруден бөлек, акцияға қатысқандардан кіші зертханалық сынамалар да алды.


Түркістан қаласындағы сауда орталығында осы күні келушілердің қатары әдеттегіден әлдеқайда көп болды. Олардың көпшілігі — сауда жасауға емес, дәрігерге көрінуге келгендер екені белгілі. Емханаға барып кезек күтпей-ақ, әрі жолдамасыз ақ халаттылардың қабылдауында болды. Солардың бірі — Төребек Жарасұлы. Азамат осынау акция аясында ойында жүрген төрт дәрігердің қабылдауында болды, қант мөлшерін де тексертіп алды.

Сондай-ақ, осы шара аясында дәрігерлер түрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлікті шыңдау дәрістерін өткізді.


Жедел жәрдем қызметінде жүрген мамандар әр қимыл-әрекеттерін дәрігерлермен бірге көрсетті. Қай қызметтің тегін көрсетілуі тиіс екенін де түсіндірді.

Жалпы акция барысында дәрігерлердің қабылдауынан 200-ден астам тұрғын өтті. Олардың барлығы да ағзасындағы қант мөлшерін, холестерин және қан қысымын өлшетуге асықты. Жастар жағы ұйымдастырушылармен бірігіп «флешмоб» өткізді.

Рекомендовать
Последние новости