Биыл 4872 адам жұмыспен қамтылды

Dalanews 28 нояб. 2018 08:42 685

Сайрам ауданында жалпы халықтың  81,4 мың адамы экономикалық тұрғыдан белсенді. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 77 мың адамды құрайды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған 38,7 мың адам және бар.

Ағымдағы жылы 5434 адамды «Нәтижелі жұмыспен қамту» және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына тарту арқылы жұмыспен қамту көзделген. Ағымдағы жылдың 10 айында 4872 адам жұмыспен қамтудың белсенді іс шараларына қатыстырылып, жылдық жоспар 89,7% орындалды.

Атап айтқанда, 1428 жұмыссыз азаматтар, 1642 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар және 1802 жұмыс іздеушілер бағдарламаға тартылған.

Бағдарламаның I бағыты бойынша  қысқа мерзімді оқытуға 2018 жылы 340 адамды жолдау жоспарланса, жыл басынан 8 мамандық бойынша 340 адам жолданды.

II бағыт бойынша 355 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, 10 айда 156 азамат оқытылып, сертификат алған. Өз ісін ашу және кеңейту үшін 47 азаматқа шағын несие беру жоспарланып, жыл басынан 68 адам несиемен қамтылған.

III бағыт бойынша есепті мерзімде 3136 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды (жылдық жоспар 3749), 291 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына (жылдық жоспар 200), «Жастар практикасына» 460 азамат (жылдық жоспар 315), ақылы қоғамдық жұмысқа 382 адам (жылдық жоспар 230) жолданды.

Бағдарлама бойынша жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі жоспарланған 5,4%-дан нақты 5,2 %-ға болып, облыстық деңгейден аспаған.


Рекомендовать
Последние новости