Ресми іс-сапар

Dalanews 24 июл. 2021 08:35 782

Бүгін ауданымызға Алматы облыстық сенат депутаты Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы іс – сапармен келіп, жалпы ауданның тыныс тіршілігімен танысты. Жұмыс барысында облыстық сенат депутаты ауданға қарасты Ақтүбек ауылдық округінің бірқатар ауқымды жұмыстарын саралады. Ең алдымен ағымдағы жылдың 25 шілде күні өтетін сайлау науқанына байланысты Ақтүбек ауылындағы №64 учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен танысып, қызметкерлердің ой – пікірін тыңдады. Жалпы 8 ауылдық округ бойынша 14 сайлау учаскесі бар. Осы орайда, саяси науқанға ауылдық округтен үш азамат түскелі отыр.



Сайлау учаскесінде дауыс беру барлық санитарлық талаптарға сай, ара қашықтықты сақтау, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізе отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, ауданың беделді азаматы, генерал – майор, қоғам қайраткері Байтұқбаев Жақсылық Ысқақұлының атына берілген мектеп кабинетін көріп, ыстық естеліктерге шолу жасады. Артынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 150 орындық клубтың құрылыс – монтаж жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» ММ болса, мердігер «Алакөл – Асыл құрылыс» ЖШС-гі. Нысанның жалпы аумағы 1,5 га болса, ғимараттың ауданы 8 мың шаршы метрді құрайды. Асыл қазынаға толы кітапханасы, ән, би үйірмелері болатын ауыл клубында қазіргі таңда 4 техника және 17 адам қызмет етеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатарлас келген нысанды ағымдағы жылдың 16 желтоқсан күні қолданысқа беру жоспарлануда. Жол – экономикамыздың күре тамыры болғандықтан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында І.Жансүгіров, Ә. Молдағұлова, Т.Рұсқылов, Т.Ысқақов, С.Байтұқбаев, Қабанбай батыр, Қасабай батыр көшелерінің жұмысымен танысып қайтты.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы





Рекомендовать
Последние новости