Ресейде бірнеше әйел алуға рұқсат берілді

Көркем Алдабергенова 20 дек. 2024 10:32 1507

Ресейдегі мұсылмандарға төрт әйелге дейін алуға ресми түрде рұқсат берілді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. Алайда ол үшін бір шарт бар, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Басқарма мәліметінше, күйеуі барлық әйеліне әділ әрі тең қарауы қажет. 

"Ер адамның бір уақытта екінші, үшінші немесе тіпті төртінші діни некеге отыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Бұл әйелдің денсаулығына байланысты бала туа алмауы, оның репродуктивті жасына жетуі немесе басқа да объективті себептерге байланысты. Мысалы, ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық сәйкессіздік жағдайында рұқсат етіледі. Сондай-ақ әйелдің бала туудан бас тартуы сияқты жағдайлар да ескеріледі", - деді Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы төрағасының орынбасары және Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов.

Ол ер адамның барлық әйелін тең қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті, яғни ол әр әйеліне бөлек баспана беруге, сондай-ақ әрқайсымен келісілген кезек бойынша уақытты тек өткізуге тиіс. Егер бұл талаптар сақталмаса, ер адамға көп әйелалуына рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар, некеде тұрған ер адам тағы бір діни некеге отыру кезінде барлық баланы асырап алуға, сондай-ақ нотариус арқылы өсиет құжатын рәсімдеуге міндетті.

Алайда Ресей Конституциясы бойынша мемлекеттік органдарда тіркелген бір ғана неке мойындалады.


Рекомендовать
Последние новости