Референдумда қанша адам дауыс берді? Алдын ала деректер айтылды

Сағыныш Сардарова 06 окт. 2024 10:54 918

Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша референдумға қанша адам қатысқаны туралы алдын ала деректерді жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар 10:05-тегі жағдай бойынша мәліметтерді айтты. Осы уақытқа дейін келгендердің үлесі - 17,79 пайыз. Жалпы 2 178 593 адам дауыс берді.

1. Абай облысы бойынша - 15,36 пайыз;
2. Ақмола облысы бойынша - 17,18 пайыз;
3. Ақтөбе облысы бойынша - 19,21 пайыз;
4. Алматы облысы бойынша - 16,31 пайыз;
5. Атырау облысы бойынша - 17,11 пайыз;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 16,43 пайыз;
7. Жамбыл облысы бойынша - 16,19 пайыз;
8. Жетісу облысы бойынша - 18,08 пайыз;
9. Қарағанды облысы бойынша - 30,63 пайыз;
10. Қостанай облысы бойынша - 16,90 пайыз;
11. Қызылорда облысы бойынша - 20,91 пайыз;
12. Маңғыстау облысы бойынша - 16,45 пайыз;
13. Павлодар облысы бойынша - 14,04 пайыз;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 15,83 пайыз;
15. Түркістан облысы бойынша - 18,56 пайыз;
16. Ұлытау облысы бойынша - 17,40 пайыз;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 17,85 пайыз;
18. Астана бойынша - 20,04 пайыз;
19. Алматы бойынша - 8,86 пайыз;
20. Шымкент бойынша - 19,56 пайыз.


Рекомендовать
Последние новости