Қарин АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді

Сағыныш Сардарова 06 окт. 2024 10:00 884

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарин Астанадағы Ұлттық кітапханадағы №164 учаскеге барды.

Бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.


Рекомендовать
Последние новости