ҚТЖ салалық емес компанияларды құрамынан шығарды, бір жылда 5 млрд теңгенің отынын үнемдеді

Dalanews 17 июл. 2020 11:57 837

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да негізгі өндірістік қызметке тікелей қатысы жоқ шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда. Бірқатар маңызды шешімдердің арқасында, ұлттық компания соңғы уақыттары біршама қиындық туғызып келген қордаланған қарыздардың қаржылық жағдай тұрақтандырғанын атап айтуға болады.   

 

Маңызды мәселе

Бүгінгі күнде ұлттық тасымалдаушыны қаржылық сауықтыру үшін салалық емес компанияларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамынан шығару маңызды мәселенің бірі болып тұр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін негізгі қызмет түрі теміржол магистральдық желісіне қызметін ұсыну және жолаушылар мен жүк тасымалы бойынша қызмет көрсету болып табылады.

ҚТЖ құрылымын қайта ұйымдастыру, заңды тұлғалар саның қысқарту,  негізгі емес активтерді шығару мен активтерді деңгейлік басқару «ҚТЖ» ҰК» АҚ құның арттыру үшін ресурстарды тиімді қайта бөлуге және кірісті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Салалық емес қандай компаниялар бас тасымалдаушы құрамынан шығады

2019 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобынан жылына 5 млрд теңгеден астам сомада теріс қаржылық көрсеткішті құраған 12 салалық емес компания шығарылған болатын.

2020 жылдың басынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобынан тағы екі салалық емес компания – 2 млрд теңге көлеміндегі теріс қаржылық көрсеткіш көрсеткен. Осылайша тасымалдаушы компаниядан «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ шығарылды, сондай-ақ 2,3 млрд теңге көлеміндегі «Транстелеком» АҚ қатысу үлесін сату нәтижелі аяқталғанын айта кетуіміз керек.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобынан тағы 5 салалық емес активтерді шығару жоспарланып отыр. Бұл ретте екі актив сатудан экономикалық тиімділік алынады деп болжануда. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жылына 3 млрд теңгеден астам көлемде шығын жинақтаған тағы үш компания сатылымға шығарылады.


Осылармен бір мезгілде ҚТЖ үшін тиімді емес ұзақмерзімді келісімдердің шарттарын қайта қарау немесе тоқтату жүргізілуде. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда-логистикалық орталықпен жалпы сомасы 240 млрд теңге көлемінде ҚТЖ міндеттемелері бар ұзақмерзімді off-take келісім-шарты тоқтатылды. Alstom электровоздарын жеткізу жөніндегі келісім бойынша және «Дженерал электрик» (General Electric, GE) америкалық конгломератпен тепловоздарға техникалық қызмет көрсету келісімі бойынша шарттар жақсарды.

 

Үнем деп осыны айт

Бүгінде ҚТЖ өндірістік шығындарды оңтайландыру ісі де қатар жүруде. Бұл ретте пойыздарды тартудағы нақты отын шығыны төмендеп жатқаны байқауға болады. Бұл жерде үнем жылына 3 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «локомотивтерді отынмен жабдықтау» қызметі бойынша бағаның төмендеген. Бұл тармақ бойынша жылына үнем 5 млрд теңгені құрайды.

2019 жылдың күзінен Патентес Тальго компаниясымен Тальго вагондарына техникалық қызмет көрсетуде «Жолаушылар тасымалы» АҚ шығындарын қысқарту туралы келісімге қол жеткізу фактісі шығындарды оңтайландыруда маңызды рөл атқарды.

Осы барлық дер кезінде қабылданған шаралар, тіпті қазіргі экономикалық күрделі кезеңде, компанияны жаңа қаржылық-тұрақтылық деңгейіне шығару жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуге көмектеседі.

 

ҚТЖ пандемияның теріс ықпалымен тиімді күресуде

Қазіргі таңда корпоративтік кредиттік рейтингтер деңгейін қолдап, арттыруға бағытталған жұмыстар өз жемісін беруде. Өйткені, көбінесе рейтингтерден компания үшін қарыздық қаржыландыру құны, сондай-ақ толықтай алғанда оның активтерінің инвестициялық тартымдылығы маңызды.

Компания басшылығы ҚТЖ-ның қаржылық жағдайына пандемияның теріс ықпалымен де күресуде. Компания туындаған жағдайға қарасы дер кезінде әрекет етіп, шығындар мен қаржылық салымдар оңтайландыруда.


Атап айтқанда, осы жылдың 10 сәуірінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесімен ұлттық валюта бағамының өзгерісі, коронавирус ықпалы ескеріп, шығындары оңтайландырылған компания 2020 жылға арналған түзетілген бюджеті бекітті.

Мысалы, операциялық шығындар 43 млрд теңгеге қысқартылды, қаржылық салымдарды қаржыландыру 31 млрд теңгеге оңтайландырылды.

 

Қарыз көлемін қысқарып келеді

ҚР Үкіметі мен «Самұрық – Қазына» қорының қолдауы кезінде компания қаржылық тұрақтылығын арттыруға және қарыздық ауыртпалықты оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру маңызды.

2018 жылдың соңында валюталық қарыздар үлесі ҚТЖ кредиттік портфелінің 57% құрады, әйтсе де кезінде валюталық түсім үлесі 24% болды. 2019-2020 жылдары кредиттік портфелдің «мығым» валютадағы үлесін төмендету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі кезде оның көлемі 33% құрайды. Негізгі қарыз көлемін қысқарту жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда, еншілес компаниялардың кепілдендірілген қарыз бөліктерін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда, сондай-ақ бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отырған компания қарыздарының деконсолидациясы жүргізілуде.

Әсел ШАЙХЫНОВА, Нұр-Сұлтан қаласы.

 

Рекомендовать
Последние новости