Шығыста 330 жедел әрекет ету науқастарға көмек көрсетуде

Dalanews 17 июл. 2020 12:41 786

Шығыс Қазақстан облысында індет жұқтырған адамдарға сапалы медициналық қызмет көрсететін 330 жедел әрекет ету тобы құралды. Топ тәжірибелі дәрігер мамандардан құралған.  

Қазіргі таңда Семей қаласында 71 бригада жұмыс істесе, облыс орталығы Өскемен қаласында 41 топ халыққа сапалы қызмет көрсетуде.

Қалған бригадалар облыстың аудан, қалалардын жұмыс істеп жатыр.

Білікті медицина мамандарынан құралған топ мүшелері пациентті жай қарап қоймайды. Олар медицина мамандарының көмегіне жүгінген азаматтардың қан құрамындағы оксигенация деңгейін анықтап, өкпені аускультациялық әдіспен тыңдап бақалауды.


Сонымен қатар жедел әркет ету тобы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таяуда шыққан жаңа бұйрығына сәйкес пациенттерді қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп беру ісімен де айналысатынын айта кетуіміз кеерк.

Осы ретте облыс тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп беретін арнайы топ та құрылған-ды. Олар да қажетті дәрілерді дер кезінде жеткізіп, жұрттың айығып кетуі үшін жұмыс істеп жатыр.

Рекомендовать
Последние новости