Қонаевта алды-артына қарамай блогерден қашқан прокурор жазаланды

Сағыныш Сардарова 26 апр. 2024 09:51 4877

Алматы облысында блогерден қашып бара жатқан прокурордың видеосы тарап кеткен еді. Бұл Қонаев қаласының прокуроры болып шықты әрі осы әрекеті үшін жазаланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тексеру қорытындысы бойынша видеодағы прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Бас прокуратураның кадр қызметі Tengrinews.kz-ке жауабында.

Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік оны жауапқа тартуға шақырған болатын.

"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқығын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - дейді прокуратура өкілдері.


Рекомендовать
Последние новости