"Қоғам мені ұры деп ойлап келді...". Экс-министр мәлімдеме жасады

Dalanews 26 июл. 2021 10:07 851

14 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртановқа қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпас шарасы тағы екі айға ұзартылды. Біртановтың қорғаушысы сот шешімімен келіспей, сот шешімі үстінен шағым түсірді. Бірақ сот шағымды қанағаттандырмады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сот отырысы ZOOM арқылы онлайн режимде өтті. Біртановтың адвокаттары тергеу сотының шешімімен келіспейді. Олар клиентін үй қамауына заңсыз қалдырды деп санайды.

Судья Біртановтың жеке басына қол сұқпаушылық құқығын өрескел бұзды. Ол оны заңды негізсіз бас бостандығынан әдейі айырды.Нәтижесінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 16-бабына сәйкес, азамат Біртановтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндетті судья оны заңсыз шешім шығару арқылы мақсатты түрде бұзды, - деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің қорғаушысы 14 шілдедегі қаулының күшін жойып, Біртановты үй қамағынан босатуды талап етті.

Елжан Біртанов адвокаттардың шағымын қолдады.

"Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың қазан айында маған бюджет қаражатын жымқырды немесе ысырап етті деген айып тағылып, 10 ай бойы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке іліндім. 10 айдан кейін іс асыра сілтеу санатына ауыстырылды.

Мен емес, мұны мазмұны мен тағайындалған айып пен жазасы әртүрлі болып келетін жарық көрген әртүрлі мақалалар айтып бере алады. Мені ұстап, күдік келтіргені өз алдына бір басқа нәрсе, ал бүкіл қоғам 10 ай бойы мені бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деп есептеп келді.


Ал ұзақ тергеу уақыты өткеннен кейін маған қызметімді асыра пайдаланды деген айыпқа айналғаны - бұл басқа мәселе. Айтайын дегенім, мен бұл күдікпен келіспеймін және ешқандай қиянат болмағанын дәлелдеу үшін басты сот процесін күтемін. Осы орайда, менің адвокаттарымның аппеляциялық шағымын объективті түрде қарауыңызды сұраймын", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы.

Бірақ прокурор адвокаттармен келіспеді. Оның айтуынша, Біртановты үй қамағына алу мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзарту туралы бұйрық заңды түрде қабылданған.

Біртанов пен оның қорғаушыларының шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраймын, - деді Санат Талқанбаев.

Судья Элеонора Оңғарсынова Біртановты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Ол тергеу сотының қорытындылары дәлелді және заң нормаларына сәйкес келетіндігін айтты.

Тергеу сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылсын, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылған жоқ, - деді ол.

8 шілдеде Қаржы мониторингі агенттігі Елжан Біртанов пен денсаулық сақтау саласының бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағаны белгілі болды.

Рекомендовать
Последние новости