"Қызғаныштан жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасаған" - прокурор Бишімбаев туралы

Сағыныш Сардарова 11 мар. 2024 14:51 3900

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокурор сот отырысы барысында бірнеше мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы неке ресми түрде тіркелмеген.

"Бишімбаев марқұмның телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді еткен. Қызғанышптан жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық жасаған. 2023 жылы наурыз айының ортасында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған.

Салтанат Нүкенова ағасына шағымданды. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірді, бірақ ол бас тартқан. 2023 жылы жазда Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға көшуді ұсынды. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. Алайда Бишімбаев оған физикалық зорлық-зомбылық жасауды жалғастырған", - деп келтірді прокурор.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Біздің елде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Біз жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік.

Бүгінде көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді, әсіресе, ойыншыларды "қызықтыруға" болатын кезде.

Біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық нормалар мен қағидаларға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені қоғам ақымақ емес.

Мен әрқашан кәсіби журналистер қауымдастығын бағалау керек деп айтатынмын. Олар - ойлы, ақылды және күшті адамдар", - деді министр Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.


Рекомендовать
Последние новости