Қытаймен арадағы байланыстарға шектеу қойылды

Dalanews 29 янв. 2020 13:07 771

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу мәселесі бойынша  бірқатар шешім қабылдады.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы мен 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады.

2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды деп күтілуде.


2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Қазақстан астанасына  ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданғанын айта кетуіміз керек. Бұған қазақ қоғамы қарсылық танытқаны белігіл.

2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.


Бірлеске комиссия «елдегі жағдай жіті бақылауда» екенін, сондай-ақ қатерлі коронавирус дертіне ел бойынша әзірге ешбір азамат шалдықпағанын жеткізді.

 

Рекомендовать
Последние новости