Қытай курорттарынан 536 турист елге оралды

Dalanews 29 янв. 2020 13:19 874

Қазіргі уақытта Қазақстанға қытай курорттарынан 536 турист келді. Олардың ішінде шетелдік те азаматтар бар, – деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
«Оның ішінде сағат 19-50-де (28 қаңтар) Санья қаласынан Нұр-Сұлтанға Tez tour» компаниясының 295 турисі және 29 қаңтар күні сағат 00-25-те Хайкоу қаласынан Алматыға «Aeroling» компаниясының 241 турисі келді», - делінген ақпаратта.

Қытайдан келгендердің 525-і Қазақстан азаматтары, ал 11-і шетелдіктер. Шетелдіктердің барлығы да Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Жолаушылардың тізімі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы әуежайларының қызметкерлері ұсынған деректерге сәйкес, төтенше жағдай орын алған жоқ.

Айта кетерлігі, 29 қаңтар күні сағат 17-30-да Алматыға Санья қаласынан 236 адам келуі тиіс. Олардың 201-і қазақстандық турист.

Рекомендовать
Последние новости