"ҚазМұнайГаздың" биылғы таза пайдасы өткен жылғымен салыстырғанда азая түскен

Кәмшат Тілеухан 21 авг. 2025 16:22

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Компанияның 2024 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғандағы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығындағы негізгі қаржылық көрсеткіштері:

  • Түсім 4 239 млрд теңгемен (9 440 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4 500 млрд теңгеге (8 789 млн АҚШ доллары) жетті;
  • EBITDA көрсеткіші 984 млрд теңгемен (2 190 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 142 млрд теңгені (2 230 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 550 млрд теңгемен (1 224 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 534 млрд теңгені (1 044 млн АҚШ доллары) құрады
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 591 млрд теңгемен (1 316 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 660 млрд теңгені (1 289 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бос ақша ағымы 604 млрд теңгемен (1 345 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда, 682 млрд теңгені (1 331 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3 892 млрд теңгені (7 490 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2025 жылғы 30 маусымдағы компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 803 млрд теңгені (1 546 млн АҚШ доллары) құрады. 

Бұған дейін "ҚМА" АҚ Басқарма мүшелері жылына екі рет сыйақы алатыны туралы желіде сыбыс тарап, компания берген түсініктемесін жариялаған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости