"Қазақтарды қалай басқару керек?" атты кітап желіде дау тудырды

Көркем Алдабергенова 02 авг. 2024 09:26 5573

"Қазақтарды қалай басқару керек?" атты кітап желіде дау тудырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Кітап дүкен сөрелерінде сатылып тұрғаны жайлы белгілі блогер, медиа продюсер Нұрқожа Ерсайын айтты.

"Достар, мынау не енді? Қараңыздаршы. Тура Алматының төрінде "Как управлять казахами?" деген кітапты қойып қойыпты. Кітаптың қысқаша тарихын айтып берейін. Бұл бәріне белгілі кітап. Иван Кириллов деген оңбаған кісі 1734 жылы шығарған, яғни қазақтар жоңғарлардың әсерінен құлдырап, Ресейге қосыла бастаған кезде Иван Кириллов деген адам осы кітапты жазып шыққан. Мұны сыртының өзінде жазып қойған. Қазақ пен қырғыз руларын бір-бірінен бөлу, ажырату арқылы оларды бағындырып, оларды тізе бүктіріп, Ресейге бағындырудың тікелей нұсқаулығы. Сол кітап енді сатылып жатыр. Суретінде де бір хан орыс офицерлерінің алдында бас иіп, бағынып жатыр", - дейді блогер.

Дизайнер, сәулетші Елзат Мұқашевтің сөзінше, кітапты сөреден көрген адамдар оны суретке түсіріп, мазақ еткендей болған. 

"Осыны сатуға рұқсат берген адамның намысы бар ма деген сұрақ туады", - дейді Мұқашев. 

Нұрқожа Ерсайынның сөзінше, кітап туристер көп тоқтайтын жанармай құю бекетінің дүкенінде сатылып тұр.  

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір жазған: 

"1425 жылы Мәскеу князі Василидің Барақ хан алдында бас иіп, балшық тақтайшаға салынған Бату ханның табанының ізін сүйіп ант беріп тұрған суретін біз де қойғызайық та "Как русские князья давали клятву верности нашим ханам?" деп тұрып жазғызып қояйық!!!"

"Заңға тарту керек сатуға рұқсат берген адамды"

"Бұл жерде кітап қате, оқымандар, немесе бұндай кітап жазбандар деп жатқан жоқ жігіттер. Бұл жерде маркетинг мәселесі, өте ұсқынсыз қолданылған. Шет ел азаматтары жүретін, әсіресе сол РФ азаматтары қаптап жатқан жерде, осылай кеңінен, көзге түсетіндей, үлкен қылып шығарып қою. Шыныменде қай ел, өздерінің қалай бағынғаны, немесе ұтылғаны жайлы осылай жайып салады. Бұндайды мектеп, жоғарғы оқу орындарында көп оқытып, үйретіп тұрса жетеді ғой! Ұят екен осыны осылай орыс тілінде, осы суретпен елдің бәріне сату"

"Осы дүкеннің иесі кім?? Орыс шығар...қазақ болса.онда намысы жоқ қазақ екен"


Рекомендовать
Последние новости