Париж Олимпиадасы: Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алды

Қаракөз Амантай 27 июл. 2024 22:11 4015

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.

"Елдос ерледі, ағайын! Балуанымыз Париж Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесінсыйға тартып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Құтты болсын! Естеріңізде болса, 2019 жылыПарижде өткенде Grand Slam жарысында Елдоскүміспен күптелген еді. Балуанымыз бүгін де өзмықтылығын дәлелдеп, Париж төрінде екіншірет жүлде алды. Елдосты бүгінгі жарқынжеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Олбұған дейін Рио және Токио Олимпиадаларындада жүлдегер атанған еді. Жеңісті жолды бұлжолы да жалғастырды.

Бүгін дзюдошылардыңөнерін арнайы барып көрдім. Оңай болған жоқ. Олимпиадаға осал спортшы келмейді. Жарыстың алғашқы күніндегі жүлде өзге де олимпиадашыларымызға жұғысты, жеңісжалғасты болғай", – деді Ермек Маржықпаев.


Рекомендовать
Последние новости