Тоқаевтың қысқа мерзімді демалысы басталды

Қаракөз Амантай 23 июл. 2024 10:37 2187

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда Мемлекет басшысының еңбек демалысы 2024 жылдың 23 шілдесінде басталғанын хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін елімізде екі палата депуттары каникулға шыққанын хабарлаған едік. 

Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті. Сөзінше, екінші сессияда екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды.

"Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық.

Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет", - деді Қошанов.


Рекомендовать
Последние новости