Қазақстандықтар коллекторларға 1 трлн теңге қарыз

Қаракөз Амантай 11 авг. 2025 16:10

Ұлттық банктің 2025 жылғы 1 шілдедегі дерегіне сәйкес, қазақстандықтардың коллекторлық агенттіктердегі қарызы 1 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері бұл сома 30,3%-ға, яғни 236,1 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарыздың басым бөлігі – 904,5 млрд теңге немесе 89,1% – негізгі берешек. Ал қалған 110,5 млрд теңге (10,9%) қарыз бойынша есептелген сыйақыны құрайды.

Ең ірі көлемдегі қарыз i-Finance агенттігінде – 243,5 млрд теңге (24%). Екінші орында HCB – 184,6 млрд теңге (18,2%). Үшінші орынға «ЦАКА» шықты – 59,8 млрд теңге (5,9%). Осылайша, үш агенттіктің үлесінде қазақстандықтардың коллекторларға берілген қарызының 48,1%-ы бар.

Елде ресми тіркелген 193 коллекторлық агенттіктің қалған 190-ы жалпы берешектің 51,9%-ын өндіріп жүр. Бұл әрқайсысына орта есеппен 2,8 млрд теңгеден келеді. Бұл сома тіпті үздік үштіктегі ең аз үлеске ие «ЦАКА» агенттігінен 21 есе төмен. Ал 71 агенттік мүлде қарыз өндіріп жатқан жоқ.

i-Finance-тің иесі – Бақдәулет Алиханов. eGov деректерінде осы аттас азамат 2022 жылдан бері Қазақстан заң кеңесшілері палатасының тізімінде тіркелген. HCB Асхан Ермекбаевқа, ал «ЦАКА» – Алмаз Ашимовқа тиесілі.


Рекомендовать
Последние новости