Арман Әбдірәсілов Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалды орталығының меңгерушісі болды

Кәмшат Тілеухан 08 авг. 2025 15:11

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалды орталығының меңгерушісі жаңадан тағйындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

Арман Әбдірәсілов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады. 

2020 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың маусым айы аралығында ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті. 

2013-2020 жылдары "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ компаниялар тобының директоры, ал 2020 жылдың күзінен бастап "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ басқармасының төрағасы болды. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости