Қазақстандық теннисші Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

Қаракөз Амантай 27 июл. 2024 19:11 2723

Теннисші Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан теннис федерацияның мәліметінше, Путинцева Парижге ұшып келіп, белсенді түрде жаттыға бастаған. Алайда украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты қазақстандық спортшы тізесін ауыртып алған. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды.

Айта кетелік, бұған дейін де Юлия тізесіндегі жарақатын айтып, шағымданған болатын.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Париж Олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін  Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үміт артқан едік, өкінішті", - деді Досқараев.

Еске салайық, бұған дейін WTA рейтингінде 4-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болған еді.

"Құрметті қазақстандықтар! Маған бұл туралы айту оңайға соқпады. Өкінішке қарай, Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен жедел бронхитпен ауырып қалдым, жаттығуға қайта оралуға тырысқаныммен, денем әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салды", - деді ол.

Осы тұста ол Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларды қолдайтынын жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости