Қазақстандық экспортер Global Beverages компаниясы Қытай нарығына шықты

Dalanews 06 июн. 2023 08:23 1085

Еліміздегі алкогольді және алкогольсіз сусындарды ең ірі экспорттаушысы сналатын Global Beverages компаниясы Шанхайда өткен Shanghai International Food & Drinks Fair 2023 (SFDF) көрмесінде қытайлық компаниялармен жалпы сомасы 150 миллион долларды құрайтын алдын ала келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.


Global Beverages компаниясының Қытай нарығына шығу – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 2023 жылғы мамырда Шаньси провинциясындағы Сиань қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» саммитіндегі тарихи кездесуінен кейін мүмкін болғанын айта кетуіміз керек. Сапар барысында достық пен татулықты ту еткен екі ел жаңа мүмкіндіктер мен өзара сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жол ашқан бірқатар мемлекетаралық келісімдерге қол қойылған болатын.



Тарихи келіссөздердің арқасында қазақстандық өнімдерді дүниежүзіндегі ең ірі тұтыну нарығында саудаланатын болады.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Осы ретте Қазақстанда өндірілетін сусындар табиғи ингредиенттерден өндірілетін өнім болғандықтан, ол бәсекеге толықтай қабілетті деп нық сеніммен айтуға болады.
Global Beverages компаниясы өз өнімдерін даярлауда Қазақстанда өсетін жоғары сапалы іріктелген бидай сорттарын, табиғи көздерден алынатын суды, табиғи дәнді-дақылдарды және жеміс-жидектерді, дәрілік шөптер мен тамырларды, балдан жасалған пайдалы тұнбаларды пайдаланады.[/perfectpullquote]

Кәсіпорынның тағы бір бәсекеге қабілетті екенін бидай өсіруден бастап, жоғары сапалы спирт өндіру, түрілі ішімдік өнімдерін өндіретін соңғы циклге ие екенін де айта кетуіміз керек.
Еліміздегі жетекші экспорттаушы Global Beverages компаниясы экологиялық таза, жоғары сапалы өнімін әлемдік нарыққа тікелей шығарып, өнімдерінің жаһандық нарыққа қатысуын нығайта түссе, еліміз үшін жоғары қосылған құны саланың дамуын қамтамасыз етіп, ел экономикасы өркендетуге үлес қосуда.



Алдағы уақытта Global Beverages Қытай нарығында өзімен бірге өзге де қазақстандық өндірушілердің мүддесін қорғайтын болады.

Компания «Петропавл арақ зауыты», «Көкшетау минералды сулары», «Геом», «Вымпел Group» сынды өндірушілермен тығыз жұмыс істеп, оларды Қытайдан басқа Балтық елдері, Шығыс Еуропа, Ресей, Закавказье, Орталық Азия елдеріне кеңінен таралыуын қамтамасыз етіп келеді.

Рекомендовать
Последние новости