Әскери сала цифрландыруға көшіп, қағазбастылықтан құтылмақшы

Dalanews 30 окт. 2023 07:26 1400

Қазір қоғамдық өмірдің барлық салаласы цифрланып жатқаны белгілі. Үйде отырып көптеген мемлекеттік қызметті пайдалануға болады. Енді еліміздің Қарулы күштер саласы да өз жұмысын цифрландырып, халыққа бір табан жақындай түсті. Алдағы еліміздегі барлық әскери міндетті азаматтар мен мерзімді әскери қызметшілер цифрлық тіркеуден өтетін болды. Осылайша, Қорғаныс министрлігі бұдан былай анықтама мен түрлі ақпарат алу үшін халықтың департамент бөлімшелеріне тікелей хабарласып, уақыт жоғалтуына тоқтатты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратынша саланы цифрлық платформаға көшіру алдында инновацияны заңнамалық тұрғыдан бекіту және оны техникалық енгізу бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілмекші.

– Қазір Қорғаныс министрлігіне қатысты жеке байланысуды қажет ететін қызметтер цифрлық форматқа көшірілуде. Бейбіт уақытта әскери жастағы азаматтарға тіркеу куәлігін алу мен әскери борышын өтемегендерге әскери билеттерді беру жойылды. 17 жастағы бозбалалар енді жеке іс қағаздарын жинап, әскери комиссариаттарға келіп, тіркеуге тұрады. Ол жүйелердегі қолда бар деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады, – деді Dalanews.kz тілшісіне  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери салада электрондық есеп пен цифрландырудың арқасында қандай өзгерістер күтіп тұр? Енді осы сұраққа аз-кем жауап бере кесек.

Жаңа өзгеріске сай әскери міндеттілер мен мерзімді әскери қызметшілер тұрғылықты жерін ауыстырған кезде енді әскери басқару органдарына хабарласудың қажеті жоқ. Тіркеу барысы автоматты түрде жүзеге асады. Енді құжаттарыңызды құшақтап, бір әскери комиссараттын келесі бір әскери комиссаратқа барып, ұзақ сонар кезекті тұрып уақыт жоғалтпайсыз.


Бүгінде мекен жайыңызды өзгерткен кезде кез келген азаматтың тұрғылықты мекен жайы Электронды үкімет порталына  жүктелетіні белгілі. Енді осы әскери сала осы порталға интеграцияланып, әскери міндетті азаматтардың қай жерге тіркелгенін электронды базадан көріп, назарға алып отырады.

Осыған дейін әскери міндетті кез келген ер адам жаңа жұмысқа тұрған кезде жұмыс беруші қызметкерден әскери билет немесе тіркеу туралы құжат талап ететін. Енді бұл да келмеске кетеді десек болады. Өйткені барлық мәліметтер азаматтың Egov-тағы жеке кабинетінде «Әскери қызмет» бөлімінде орналастырмақшы. Жұмыс берушіге қандайда мәлімет болса Egov жүйесінен өтіп көре алады.

Егер мәліметтер шындыққа жанаспай, жоқ болып жатса ресурс пайдаланушылар жеке кабинеті арқылы «Ақпаратты жаңарту/түзету» мемлекеттік көрсетілетін қызметке жүгініп, тиісті құжаттарды қосып, толықтыруына болады. Ал бұған дейін әскери есепке тұрып, бір жапырақ анықтама қағазын алу үшін 200-300 шақырым жол жүріп, азаматтар төрт-бес күн уақытын жоғалтушы еді. Әскери саланы цифрландырудың арқасында осының бәрі артта қалайын деп тұр.

Айтпақшы, енді зейнеткерлікке шыққаннан кейін әскери қызмет өткергенін растайтын анықтама алу үшін жергілікті әскери комиссараттың есігін қағудың да қажеті жоқ. Бар болғаны үйде отырып, Egov порталы арқылы өзіңізге қажетті анықтаманы алатын мүмкіндік туады. Осылайша цифрландыру ісі әскери саланың жұмысын оңтайландырып, жұмыстың тиімділігін арттыра түсетін болды.

Н.ӘУБӘКІР

Рекомендовать
Последние новости