Қазақстандағы спорттық индустрия қандай қиындықтармен бетпе-бет келуде?

Сағыныш Сардарова 02 окт. 2024 10:09 2012

Бүгінде спорттық маркетинг индустриясы, жарнамамен тығыз байланысты басқа да салалар сияқты үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Себебі - Қазақстанда жаңа заңнамалық нормаларды енгізудің ақыры бұдан былай бизнес жүргізудің жаңа ережелерін талап етеді. Жаңа қатаңдатылған шектеу жағдайында өнімді нарықты тиімді ілгерілетудің заңды тәсілдерін қалай табуға болатыны Астанада өткен спорттық маркетинг семинар барысында талқыланды.

Букмекерлік бизнес – спорт индустриясының ең маңызды бөлігі. Сондай-ақ бұл - бюджетке салық аударымдарының орасан зор сомасы мен елдегі қайырымдылықтың едәуір үлесі осыған тиесілі. 2024 жылы 9 қыркүйекте күшіне енген заңға енгізілген түзетулер ғана букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға қатысты бірнеше маңызды аспектіні қозғады. Заңның басты міндетінің бірі жарнамалық науқандарға, әсіресе сыртқы жарнама мен интернетте ілгерілету талаптарын күшейту болды. Астанада өткен семинарда бұл мәселелер кеңінен талқыланып, қатысушылар заңға енгізілген түзетулерді жүзеге асыру мүмкін емес деп бағалады. Ұсынылған түсіндірме көңіл көншітпейді. Себебі көпшілігі нарық қатысушыларын да, қарапайым қазақстандықтарды да шатастырып отыр.

Заң жобасын жасаушылар заңды букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қою арқылы халық арасында, әсіресе жастар арасында ойынға деген тәуелділіктің пайда болу қаупін азайтуға болады деп есептеген болуы мүмкін. Алайда заң жобасын әзірлеу кезінде жарнама материалының көлемі мен лудоманияның көбеюі арасындағы байланысты көрсететін ғылыми зерттеулер ұсынылған жоқ. Сонымен қатар, интернетте заңсыз құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасының айтарлықтай кең таралғаны ескерілмеген. Соған қарамастан, түзетулер қабылданды, енді индустрия жаңа шындыққа бейімделуге мәжбүр. Бұл туралы семинар барысында Қазақстан букмекерлерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы қауымдастығының президенті Рауан Кенжалин айтты.

- Букмекерлік бизнес спортпен тығыз байланысты екенін атап өткім келеді, өйткені бәс тігуге болатын оқиғалар бізде заң бойынша спорттық іс-шаралармен ғана шектелген. Сонымен қатар, букмекерлік бизнес демеушілік, маркетингтік келісімшарттармен де байланысты және біз бірнеше жылдан бері серіктес болып келеміз. Сол себепті осы нормаларды түсіндіру мен мәселені шешу қажеттілігі туындайды. Мысалы, әлеуметтік желілердегі жарнаманы жариялауға қатысты кейбір тыйым салулардың анық түсіндірілмеуі. Соңғы түзетулерге сәйкес заңдық тұрғыдан қарасақ, БАҚ-та жарнамаға тыйым салынады. Бірақ өткен жылы «БАҚ туралы» заң қабылданды, сондай-ақ «Жарнама туралы» заң және «Онлайн платформалар туралы» заң бар. Сонда бұл тыйым БАҚ-қа (бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар, түрлі баспа басылымдары және т.б.) ғана қатысты қалай қолданылатынын қалай түсінеміз? Өйткені сол онлайн платформалар да хабарламалар, фото, бейне және т.б. мүмкіндіктері бар интернет-ресурстар ғой. Бұл Instagram, Telegram арналар, Facebook және т.б. Бір сөзбен айтқанда, оларға тыйым салынбайды. Дегенмен, аталған интернет-платформалар қазіргі уақытта ең кең таралған жарнама беру жолы екенін бәрі біледі, - деді сарапшы.

Бұл ретте, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ауыртпалығын жарнама таратушылар – маркетингтік жарнама компаниялары көтереді, оларға 60 АЕК (жеке тұлға болса) және 400 АЕК (ірі компания болса) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл айналып келгенде жарнама бизнесінің шығындарымен, беделіне нұқсан келітіп, құқықтық тәуекелге ұрындырады. Маркетингтік нарықтың дамып келе жатқанын, енді ғана қалыптасып жатқанын, ал спорттық маркетинг маңызды әлеуметтік орын алатынын ұмытпаған жөн. Өйткені Қазақстанда қайырымдылық қаржыландырудың заңды көзі букмекерлік кеңселер болып табылады. Олар біріншіден, қабылданған шектеулерді сақтауы, екіншіден, рұқсат етілген форматтарды барынша пайдалануы қажет. Мысалы, ғимараттар мен құрылыстар ішінде, БАҚ-та ҚР МАМ-да тіркелген 100% спорттық контент бар. Сондай-ақ, спорттық іс-шараларды тікелей эфирде көрсету кезінде жарнама жасауға болады. Алайда маркетингтік қауымдастықтың мемлекеттік органдармен, реттеушілермен диалог орнату үшін бірігуі артық болмайды.

- Әсіресе, бірқатар түзету маркетингтік қызметтің және жарнамалық компаниялар қызметінің ерекшелігін ескермей, біржақты түсіндіріледі. Олар толық реттелмеген. Жарнаманың мазмұнына да қатысты, ол заңды ойын бизнесімен тығыз байланысты, сондай-ақ Қазақстанда бар заңсыз үлкен нарықпен де байланысы бар. Заңсыз нарық заңды нарықтан түбегейлі айырмашылығы бар, ол «сұр» жарнамалық контентке толы. Мұнда онлайн казино, ақшалай ойындардың әртүрлі түрлері iGaming және т.б. бар. Олар көбінесе Қазақстанның тыс жерлерде орналасады. Айтпақшы, осы түзетулерге дейін контент тиісті органдармен реттелетінін анықтауға болатын, ал қазіргі кезде ондай мүмкіндік жоқ, - деп Рауан Кенжалин жағдайды объективті бағалауда халықаралық тәжірибеге жүгінетінін айтты. Спорт ғимараттары мен құрылыстарын, спорттық іс-шараларды қоспағанда, сыртқы жарнамаға, оның ішінде көлікте жаппай тыйым салынды. Соның нәтижесінде 2020 жылы (шектеу түзетулері енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң) заңсыз онлайн платформалар арқылы 18,5 миллиард еуро өтті. Италияның ойындар және мөлшерлемелер қауымдастығының бағалауынша, бұл ойыншылардың жалпы мөлшерлемелері мен белсенділігінің 75% «қара» нарыққа кетуіне итермеледі. Германияда да 2021 жылы уақытша шектеулер мен жарнама мазмұнына байланысты түзетулер енгізілгеннен кейін ұқсас теріс салдарлар байқалды. Бұл заңды мөлшерлемелердің көлемін 12,8%-ға қысқартып, салық түсімдерінің 2 миллиард еуродан 413 миллион еуроға дейін төмендетуге әкелді. Бұл елдің бюджеті заңды ойын бизнесінің заңды секторынан түсетін табыстан қағылды. Оның үстіне сол кезде Германияда заңсыз қызметтердің 65%-ға өскені байқалды, — дейді қауымдастық президенті.

Қазақстанға оралсақ, «бұл заңсыз ойын нарығының үлесін арттырып, салық түсімдерін қысқартады».

- Мысалы, бүгінде букмекерлік заңды нарық жыл сайын шамамен 100 миллиард теңге салық төлейді, енді жоғарыда аталған жағдайда бюджет бұл қаржыдан қағылады. Ең бастысы, ең жағымсыз салдары бизнестің осы секторына мемлекеттік бақылаудың жоғалуы болып табылады. Ал қабылданған заң лудомания қатысты әлеуметтік мәселелерді шешудің орнына керісінше, оны одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен заңсыз платформалардың қазақстандық пайдаланушыны тартуын тиімсіз қылуды қамтамасыз ету қажет. Қордаланған мәселеден шығу үшін екі құралға жүгінген ләзім: заңсыз бизнеспен байланысты күдікті операцияларды, сілтемелерді, сайттарды нақты және нүктелі бұғаттау, мұны заңды ойын бизнесінің мемлекеттік органдармен диалогының көмегімен анықталған тиімді реттеу құралдарымен біріктіру керек. Сондай-ақ, қоғам, мемлекет және бизнес мүдделерінің теңгерімін сақтауымыз қажет, - деп сөзін түйіндеді Рауан Кенжалин.


Рекомендовать
Последние новости