Қазақстандағы ең тиімсіз мемлекеттік компаниялар тізімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеп.
2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындардың рентабельділігі 13,3%-ға дейін төмендеді. Бұл екінші тоқсандағы 27,7%-бен салыстырғанда күрт құлдырау, әрі соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды.
- Продкорпорация – 2024 жылдың тоғыз айындағы шығын 15,5 млрд теңге.
- Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы – 2022 және 2023 жылдардың алғашқы жартыжылдығындағы шығын 1,4 млрд теңге.
- Қазмедиа орталығы – 2023 жылғы шығын 1,5 млрд теңге.
- “Қазақстан Инжиниринг” – 2022 жылдың соңындағы шығын 9,2 млрд теңге.
- “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театры – 2023 жылғы шығын 1,1 млрд теңге.
- “Қазақфильм” – 2023 жылғы шығын 761 млн теңге.
- Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығы – 2023 жылдың қорытындысы бойынша шығын 475 млн теңге.
- Мемлекеттік радиожиілік қызметі – 2022 жылғы шығын 183 млн теңге.
Компаниялар қаржылық есептілікті келесі жылдың ортасында жариялайды, кейбіреулері тоқсан сайын есеп береді. Сондықтан бұл рейтинг ең өзекті ашық деректер негізінде жасалған. Алайда, осындай антирейтинг 2023 жылы да байқалған.