Алматы облысында түрмеге тыйым салынған затты кіргізуге рұқсат бергендер сотталды

Көркем Алдабергенова 08 янв. 2025 09:49 508

Алматы облысының Қонаев қаласында пара алған түрме басшылығы сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды.

Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеудегі сотталғандарға қамқор көрсету және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алғанын дәлелдеді.

Сотпен тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.


Рекомендовать
Последние новости