Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қашан аяқталады?

Кәмшат Тілеухан 16 июн. 2025 11:24

Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом станциясының құрылысы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттіктің мәліметінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімі 10-12 жылды құрайды.

"Осы жағынан алғанда, АЭС құрылысын аяқтаудың болжамды мерзімі - 2035-2036 жылдар. "Росатом" МК осы жоспарға сүйенетіндерін растады", - деп хабарлады Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі.

Сонымен қатар, ведомство жобаның құны туралы мәлімет ұсына алмайтындарын да жеткізді.

"Жоба құнына келетін болсақ, бәсекелестік диалог аясында "Росатом" ұсынған индикативті құнды біз қазіргі уақытта ашып айта алмаймыз, өйткені бұл коммерциялық мәселе және біз оны жария етпейміз деп жауапкершілік алғанбыз. Жобаның соңғы құны туралы айтуға әлі ерте. Түпкілікті құн жобалау жұмыстары аяқталып, ол сараптамадан өткен соң айқындалатын болады",- деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметі.

 Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына зиянын тигізбейтінін айтқан. 

Рекомендовать
Последние новости