Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.
Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
"Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.