Қызылордада газ компаниясына заң бұзғаны үшін тағы да айыппұл салынды

Ақтоты Жапатова 13 июн. 2025 16:26

Қызылордадағы QazaqGaz Aimaq филиалы табиғи монополиялар туралы заңды бұзғаны үшін қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұған дейін аталған филиал тұтынушыларды газ жүйесіне қосу үшін техникалық шарттар берген кезде заңда көзделмеген қосымша құжаттарды талап еткені үшін 61,3 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.

Осылайша, компанияға салынған жалпы әкімшілік айыппұлдың сомасы 79,6 миллион теңгеге жетіп отыр.

"Қызылорда облысы бойынша Комитет департаменті мен филиал арасындағы сот процестері аяқталғаннан кейін, филиалдың кінәсі толық көлемде дәлелденді. Әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленіп, мемлекет бюджетін толықтырды", - делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости