Қазақстанда мемтілдің қолданыс аясын кеңейтетін заң қабылданады - The Guardian

Dalanews 10 окт. 2023 05:29 1447

Қазақстандағы БАҚ туралы жаңа заңды қабылдау процесін Батыс басылымдары да жіті бақылап отыр деп жазады Dalanews.kz.

"Қазақстан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған БАҚ туралы заң әзірлеуде. Талқыланған заңда теледидар мен радиодағы мемлекеттік тілдің үлесін 70 пайызға дейін көтеру қарастырылған", - дейді бұл орайда британдық The Guardian.

Басылымның жазғанындай Украинаға басып кіргеннен кейін қазақтілді аудиторияның Кремльге қатысты күдігі күшейіп, ақпарат таратуда орыс тілінің орнына қазақ тіліне басымдық беріле бастаған.

"20 миллионға жуық тұрғыны бар елде қазақ тілі – мемлекеттік тіл статусына ие, дей тұрғанмен орыс тілі де өз ықпалын жоғалтпай отыр. Әйтсе де, қазақ тілінің өрісін кеңейту үрдісі біртіндеп күшейе түспек.

БАҚ туралы заңға тікелей жауапты министр Аида Балаеваның атап өткеніндей жаңа заң жобасында теледидар мен радиодағы мемлекеттік тілдің үлесін 50%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.


Қазақ тіліне басымдық берілген заң жобасын Парламент те сөзбұйдаға салмай, тездетіп мақұлдауы тиіс", - дейді британ басылымы.

АқпарМин басшысы Аида Балаеваның айтуынша бұл бағыттағы жұмыс біртіндеп жүзеге асады.

"Орыс тілінен қазақ тіліне көшу процесі 2025 жылдан бастап, жылына 5 пайызға ұлғайып отырады", - дейді осы тұста министр.

Еліміздегі орыстілді ортаның кеңістігі жыл санап тарылып келеді.

Қазақстандағы этникалық орыстардың үлесі ел тұрғындарының 15 пайызын құрайды.

"Путин шапқыншылығы үдегелі бері Қазақстан Кремльден іргені аулақ салуда. Тоқаев Батыс пен Бейжіңге бет бұрып, осы тараптағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге тырысуда", - дейді Guardian.

...

Айтқандай, Ресей ҚазАтомға қысым жасауда. Толығырақ осы жерде: https://t.me/dalainside/1515

https://dalanews.kz/saraptama/93808-shengen-qaqpasy-astana-men-brussel-kon

Рекомендовать
Последние новости