Қазақстанда "банктен қоңырау шалу" түріндегі алақтық екі есеге артқан

Кәмшат Тілеухан 09 сент. 2025 09:26

Мұндай қылмыстардың көбісі Астанада, Қарағанды мен Павлодар облыстарында тіркелген. Қазақстанда жалған қоңыраулар мен хабарламалармен байланысты алаяқтық эпизодтар саны 2,1 есеге өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz Datahub-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың сегіз айында осындай 4,3 мың жағдай анықталды.

"Бұл - 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есе жоғары. Ең жоғары мәндер Астанада, Қарағанды мен Павлодар облыстарында байқалады: үш өңірге ел бойынша жиынтық эпизодтардың үштен бір бөлігі сай келеді", - дейді сарапшылар.

Интернеттегі алаяқтық бойынша тіркелген эпизодтардың жалпы саны да өсуде. Тамыз айында бұл көрсеткіш 22% -ға өсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2 мың жағдайды құрады.

Аталған жағдайлардың шамамен 16% -ы Астанаға тиесілі, сондай-ақ Алматыда, Қарағанды мен Павлодар облыстарында да жоғары көрсеткіштер тіркелуде. Әсіресе, Павлодар өңірі ең жоғары көрсеткішке ие, мұнда интернет-алаяқтық саны 10 мың тұрғынға шаққанда өсіп отырады.

Айта кетсек, күні кеше Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағандарын жариялады. ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктердің қызметкерлері де болған. Өткен апта соңында осы хабар жариялана салысымен, аты аталған банктер бұл мәліметті жоққа шығарып мәлімдеме жасады. Алайда, прокуратура банктер жағына шығып, мәлімдеме жасаған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының уәжін негізсіз деп тапты. Құзырлы орган жариялаған ақпарат қылмыстық істің нақты материалдарына негізделгенін нақтылады.


Рекомендовать
Последние новости