Қазақстан мен Грузия сауда-саттықты жеңілдететін келісімге қол қойды

Dalanews 03 мая 2022 05:52 883

Қазақстанның «ҚазСтандарт» басшылығы Тбилиси қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысына қатысып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Кездесуде «ҚазСтандарт» пен Ұлттық стандарттар және метрология агенттігі (GEOSTM) Стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім екі елдің кәсіпкерлері арасындағы өзара жеткізілетін өнімге стандарттарды бірегейлендіру және өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану бөлігінде жұмыс мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ресейге салынған санкциялардан кейін Қазақстан Әзірбайжан мен Грузия арасындағы байланысты нығайтып, Батысқа шығатын жаңа бағыттардың іздей бастағаны белгілі.

Рекомендовать
Последние новости