«Русификация құрбандары». Ұлтынан жерігендерді жөнге салуға бола ма?

Dalanews 03 мая 2022 06:41 706

Өткен ғасырдың 50- 60 жылдары, Алжир арабтары тәуелсіздік үшін күрескен сәтте француз мәдениетіне берілген снобтар, яғни, французданып кеткен еуропа шатыс метис арабтар олардың қанын қарайтқан ғой. Сол кезде арабтар өз ұлтынан жеріген қандастарын «қарасирақ» деп атапты. Осы французданған сатқын арабтар, кезінде өз арабына қарсы қару алып соғысқа да шыққанын тарихтан білеміз. Олар араб мемлекеттінің нығаюына жан-тәнімен қарсы болған.

Француздар Алжирді билегенде «қарасирақтар» отаршының сүйек-саяғы бірінші тиіп, шылқып өмір сүрген ғой. Кейіннен француздар Алжирден кетіп, арабтар билікке келгенде, олар қоқыс теріп кетуші еді. Себебі, бұлар араб тілін де, дінін де, мәдениетін де қақпайтын отаршылдардың бұрыңғы құлы еді.

Олар «бұл арап ешқашан ел болмайды, француздарсыз біз құримыз» деп ең алғаш байбалам салып, Алжирге азаттық берген президент де Голльді жек көріп, тіпті оған қастандық та жасауға ұмтылыпты.   


Араб ұлтшылдарын отаршылдарға ұстап беріп олармен белсенді түрде күресіп әбден қанын ішкен. Ақыры, уақыт өте келе арабтар бұларды біртіндеп Францияға қуып, өз мемлекеттерін құруға кіріскен.

Жалпы, отаршылдық саясатының салдары тұтас ұлт үшін трагедияға айналып, ол тез кете қоймайтынын осыдан аңғаруға болады.

Мені қазір Оғыз Доғанға қарсы шәуілдеп отырған өзге тілді қандастарымыз бен олардың жетегінде жүрген санасыз қазақтарды көргенде есіме сол «Алжир мысалы» түседі.

Шын мәнінде, біздің орыстілді қандастарымыз баяғы империяның солақай саясатынан құрбаны болып, дінінен ажырап қалды. Бізде негізі оларды қайта ұлттық ұясына оралту үшін реабилитациялық жұмыстары жүргізіп, олардың бетін қайтарудың әрекеті жасалынуы керек еді. Бірақ бізде ондай жұмыстар жүргізілген жоқ.

Кезінде Гитлерді Нюрнберг соты, немістендіру саясаты үшін де айыптаған ғой. Айыптау бөлімінде «германизация» деген бір пункті болған. Гитекең де кезінде біраз ұлттарды зорлықпен немістендіргісі келген ғой. Кейіннен онысы оған айып болып тағылды.

Орыс империясының Еуразия халықтарына жасаған тап сондай русификациясын қылмыс деп бағалауға болады. Ал біздің орыстілді қандастар – іс жүзінде сондай қылмыстық саясаттың құрбандары. 


Өкінішке орай, бұлардың біреуі де оны түсініп жүрген жоқ. Тіпті олар билік тұтқасын ұстап, орыстың етегінен жармасып саясат жүргізіп келеді.

Олжас ӘБІЛ

Рекомендовать
Последние новости