«Окупанттар орыс шіркеуін де аяған жоқ». Зеленский 86 діни нысанның жойылғанын айтты

Dalanews 03 мая 2022 12:34 792

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский онлайн режимде Албания Парламенті депутаттарының алдында мәлімдеме жасап, орыс окупанттары соғыс кезінде 86 діни нысанның тас талқанын шығарғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ресей әскері Украинаның қалаларын зымырандармен атқылаған кезде 86 діни нысаның талқаны шықты. Олардың арасында шіркеу де, мешіт те бар. Керек десеңіздер, Ресей әскері орыс шіркеулерін де аяған жоқ. Осылайша окупанттардың адами құндылықтарды аяқасты еткеніне куә болдық, – деді Владимир Зеленский.

Өз кезегінде Украина Президенті орыс окупанттарына салса, олар Украинаны ғана емес, өзге елдерді де жаулап алуды көксеп отырғанын жасырмады.

– Өркениетті әлемнің қас жауына айналған Ресей билігімен күресте бізге қолдау-көмегін көрсетіп жатқан елдерге алғыс айтамыз. Егер біз орыс әскерін Украинада тоқтатсақ, Еуропаның бірқатар елдерін үлкен қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін жан аямай күресуіміз керек, – деді Владимир Зеленский.

Рекомендовать
Последние новости