Қаржы министрлігі 2015 жылдан бері алғаш рет 1,5 млрд доллардың еуробондтарын биржаға шығарғалы жатыр

Кәмшат Тілеухан 03 окт. 2024 15:27 1702

Қаржы министрлігі 1,5 млрд доллардың еуробондтарын Астана қор биржасына (AIX) шығарағалы жатыр. Бұл - еурооблигациялардың 2015 жылдан бері алғаш рет қор биржасына шығарылуы. Өтінімдерді қабылдау бүгін, 3 қазанда басталып та кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

AIX сайтындағы деректерге сүйенсек, бұл қағаздардың айналымдағы мерзімі 10 жылды құрайды, бір еурооблигацияның номинальды құны - 200 мың доллар. Индикативті купондық сыйақы мөлшерлемесі - 4,87%. Биржаға 7,5 мың еурооблигация шығару жоспарланып отыр.

Бұл - еурооблигациялардың 2015 жылдан бері алғаш рет қор биржасына шығарылуы.

Қаржы министрлігі 3 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 14:00 - ден 18:00-ге дейін әлеуетті инвесторлардан өтінімдер жинау (бубилдинг)  жүргізілетінін нақтылайды. Одан кейін бағалы қағаздарды 2024 жылдың 7-8 қазанында биржаға орналастыру жоспарланып отыр.

Қызмет ұсынушылары BCC INVEST-тің қазақстандық брокері, амкриалық Citibank, J. P. Morgan инвестбанкі, сондай-ақ Société Générale CIB француз брокері болмақ.  Шығарылым менеджері - BCC Invest. Ақша аударылатын шоттың бенефициары ЦентрКредит банкі болады.

2024 жылдың 2 қазанында Қаржы министрлігі  халықаралық капитал нарықтарына  еурооблигацияларды шығару процедурасы басталып кеткенін жариялады. Бірінші кезеңде жаһандық инвесторлармен роуд-шоу өткізу жоспарланған болатын. Екінші кезеңде Қаржы министрлігі үшін тартымды өлшемдерді көрсетуі тиіс бағалы қағазды орналастырудың оңтайлы шарттарын анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін шара атқарылуы тис.

Ресми түрде аталған еурооблигациялар Қазақстанның әлемдік қаржы саласындағы ұстанымын одан әрі нығайту және мемлекеттік даму бағдарламаларын тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін шығарылып жатқаны нақтылынады.

10 жылдық еуробондтарды қор биржасына шығару туралы сөз алғаш рет 2023 жылы қозғалды.  Көп ұзамай Қаржы министрлігі еурооблигациялар 2024 жылдың жазында шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сол кезде Қаржы министрлігі 2023 жыл сәтсіз кезең болды деген уәжді алға тартқан.

2024 жылы тамызда Bloomberg Молдова кәсіпкерлері, ағайынды Анатолий мен Габриэль Статилермен ұзаққа созылған даулы іс шешілгеннен кейін еурооблигациялар халықаралық биржаға шығару бастамасы ұсынылғанын жазды. Статидің кесірінен Қазақстан Tristan Oil иелеріне 5 500 млн долларды төлеуден бас тартқан болатын, соған байланысты 2017 жылы Қазақстанның 2 28 млрд доллар тәуелсіз активтері бұғатталды. Бүгіндері осы активтердің басым бөлігінің бұғаттан шығарылғанына қарамастан, Астана 2018 жылғы еурооблигациялар бойынша тағы талап қою тәуекелі барын айтып, қауіптенеді.    


Рекомендовать
Последние новости