SCAT Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 02 окт. 2024 16:24 1878

SCAT әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2 қазанда Иран аумағының әуе кеңістігінің жабылуына байланысты SCAT әуе компаниясы Шарм-эль-Шейх (Мысыр), сондай-ақ Джидда және Медина (Сауд Арабиясы) бағыттарындағы рейстердің бағыттарын өзгертіп, ұшу уақыты орташа есеппен бір сағатқа ұзарды.

"Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі қайта ашылып, әуе дәліздері қолжетімді. Әуе компаниясы жағдайды үнемі бақылап, қажет болған жағдайда рейстер кестесіне қосымша өзгерістер енгізуге дайын. Біздің басты міндетіміз – жолаушылардың қауіпсіздігі", - дейді компания өкілдері. 

Айта кетейік, 2 қазанға қараған түні Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді. Бүкіл Израиль аумағында дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді.

Израиль әскері Иран 400 ракета жіберді деп отыр. Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы бұл шабуылды ХАМАС лидері Исмаил Ханияның, "Хезболла" лидері Хасан Насыралланың және Иран жасағының командирі Аббас Нилфрушаның өліміне жауап екенін мәлімдеді.

Израиль телеарнасының 12 арнасының хабарлауынша, еврей мемлекеті әуе кеңістігін жапты. Ирак пен Иордания да осындай шешім қабылдады. 

Осы жайтқа байланысты елшілік пен СІМ де Таяу шығыстағы жағдайға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады. 


Рекомендовать
Последние новости